Hyundai Trans Kazakhstan/ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

03.04.2023

Көрулер: 426

10.03.2023 факультетімізде Hyundai Trans Kazakhstan делегациясымен кездесу өтті.

"Дизайн және технологияларды басқару" бөлім басшысы Машжанов Даурен мырза презентация арқылы Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы туралы жалпы түсінік беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Біздің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының тарапынан төмендегідей ұсыныстар айтылды:
🔅 автоматтандыру және басқарумен айналысатын магистранттар мен докторанттарға кейс әзірлеп, тапсырмалар беруге;
🔅 бакалавр студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу туралы;
🔅 студенттердің қай тұстан біліктілігін арттыру қажеттігі туралы пікірлерін тыңдап, біз қоғамға қажетті маманды даярлауға дайын екендігімізді айттық.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы