Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұжымы Студент жастарға ауызашар берді

01.05.2022

Көрулер: 950

1 мамыр күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұжымы №8  жатақханада студенттерге ауызашар берді.  1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай,  Рамазан айының соңғы күнінде өткен ауызашарға Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері мен шетелдік студенттер қатысты. Ұстаздар қауымы ізгілік пен қайырымдылықтың айындағы студенттердің ұстаған оразаларына,  тілеген-дұға тілектерінің қабыл болуын айтты. Бір отбасының баласындай болған еліміздің әр түкпірінен келген студенттер мен шетелдік студенттер бір дастарханнан дәм татып, демалыстың кешін көңілді өткізді.  Ауызашар берген ұстаздар қауымы студенттердің жақсы білім алып,  еліміздің ертеңі үшін еңбек етуін тіледі.