МУСИРАЛИЕВА ШЫНАР ЖЕНИСБЕКОВНА «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ–2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

22.01.2022

Көрулер: 1133

Ақпараттық технологиялар факультеті, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент, Мусиралиева Шынар Женисбековна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы–2021» байқауының жеңімпазы атанды.

Республикалық конкурстық комиссия өз ісінің үздіктерін таңдады. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.Конкурс жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.


«Конкурсқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.


Конкурс ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ комиссия құрамында ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар болды.

Шынар Женисбековнаны жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетістіктеріңіз көп болып, мәртебеңіз  арта берсін. Шығармашылық табыстар тілейміз!

Ізгі ниетпен, Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұжымы!