АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІНІҢ ДӘСТҮРЛІ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Көрулер: 1935
2022 жылдың 21 қаңтар күні Ақпараттық технологиялар факультетінде университеттің жас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Жас оқытушылар мектебінің дәстүрлі жыл сайын өткізілетін кезекті семинары өткізілді. Семинар өте жоғары деңгейде жүргізілді. Факультетімізді тәжірибелі оқытушылары, халықаралық, республикалық деңгейде білім мен ғылымға үлес қосып жүрген профессор м.а. Л.М.Алимжанова, доцент м.а. А.Р.Турганбаева, профессор м.а., т.ғ.д Б.А.Бельгибаев, PhD Г.А.Амирханова, аға оқытушы Б.Қ.Абенов, оқытушы П.А.Нестеренков баяндама жасады. Өз баяндамаларында олар оқу үрдісін сапалы жүргізудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім алушылармен тыңыз жұмыс жасау жайлы өз тәжірибелерімен бөлісті.






