Ақпараттық технологиялар факультетінің ЖИ және Big Data кафедрасының аға оқытушы Орманбекова Айнұр Әлібекқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне «Қашықтықтан білім алу қиындықтары мен артықшылықтары» атты баяндама жасады

20.04.2021

Көрулер: 1979

2021 жылдың сәуір айының 9-ы күні Zoom платформасы арқылы Ақпараттық технологиялар факультетіміздің «Жасанда Интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушы Орманбекова Айнұр Әлібекқызы және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының 6B07122-Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру мамандығының 2-курс студенттері мен топ кураторы Нұржанов Берік Серғали ұлымен онлайн кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Айнұр Әлібекқызы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі «Қашықтықтан білім алу қиындықтары мен артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер тарапынан сан қырлы сауалдар қойылып, қазіргі карантин кезінде қашықтықтан білім алудағы қызықты оқиғалары мен қиыншылықтары жайлы сыр шертілді.  Кездесу өте қызықты өтіп, студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтардың жауаптарын алды деген үміттеміз.