Адам Мицкевич атындағы университеттің PhD докторы Марек Кьюбиспен ЖИ және Big Data кафедрасында ғылыми семинар

10.02.2021

Көрулер: 1418

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында AI & Big Data кафедрасының базасында шетелдік профессор Марек Кьюбиспен онлайн кездесу өтті. Марек Кьюбис (Marek Kubis) - Польшадағы Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетінің Математика және Информатика факультетінің Жасанды Интеллект кафедрасының ассистент-профессоры (https://amu.edu.pl/). Кездесу табиғи тілді өңдеу проблемалары бойынша бірлескен жұмысты талқылауға арналды. Алдыңғы бірлескен зерттеудің нәтижелері 2020 жылы «Development of Kazakh named entity recognition models» мақаласында 12ші International Conference on Computational Collective Intelligence жылдық конференциясында ұсынылды. Кездесуге AI & Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова М.Е. және 2 курс магистранты Чикибаева Д.Ю. қатысты.