Жасанды интеллект және Big Data кафедрасмының оқытушысы Күнелбаев Мұрат - Cogent Engineering (Q2, Taylor&Francis, Ұлыбритания) журналының шешімі бойынша "Үздік рецензент - 2020" атағын ұтып алды
Көрулер: 1825
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Күнелбаев Cogent Engineering (Q2, Taylor&Francis, Ұлыбритания) журналының шешімі бойынша "Үздік рецензент - 2020" атағын алды.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйек айында Финляндияда инновациялар бойынша Конкурс өткізілді. ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының аға ғылыми қызметшісі Мұрат Құнелбаев "Көміртекті бейтараптық саласындағы циклдік экономика және инновациялар" номинациясында "Термосифондық айналымы бар екі контурлы күн қондырғысы" тақырыбы бойынша халықаралық финалисті аталды. Аталған іс-шараға әлемнің 15 елінен келген инноваторлар қатысты. Биыл байқау онлайн режимде өтті.







