«2020 жыл – Еріктілер жылы»
Көрулер: 1883
"2020 жыл - Еріктілер жылы" бастамасына орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 қазанында Республикалық деңгейде «Болашаққа – үміт, жастарға сенім» атты ЖОО студенттері арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Шараға Нұр-Сұлтан, Семей, Алматы қаларындағы ЖОО-ның студенттеріненен құрылған 7 топ қатысып, әр топ «Мен және біздің қорымыз» тақырыбында бейнежазба арқылы университет қабырғасында жасалынып жатқан еріктілердің жұмысын таныстырды. Сондай-ақ «Еріктілер – қоғамның қозғаушы күші» атты тақырып аясында пікірталасқа түсті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен, Ақпараттық технологиялар факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Төлепбердинова Г.А. жетекшілігімен 1 және 2 курс магистранттары Семятова А.Н., Әбдіхалық Е.Ү., Жанабекова А.Ж. қатысты.
Онлайн дөңгелек үстелге қатысушылардың ой талқыдағы дайындығын, білім көкжиегін сарапшы топ мүшелері бағалады. Олардың құрамында Алматы қалалық «Жас Отан — Жастар қанаты» төрағасының орынбасары Бекбергенов Медет және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым кандидаттары болды.
Қортынды есеп бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1 орынды еншіледі. ⠀

Толығырақ ақпарат ⤵️
⠀