«ДЕНСАУЛЫҚ — БАЙЛЫҚТАНДА ҚЫМБАТ»

06.01.2019

Көрулер: 7683

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

Денсаулықты ту етіп универ көлемінде 47-ші дәстүрлі факультеттер арасында спартакиада өткізілді. Жарыс 04.01.19 - 11.01.19 аралығында әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-де ұстаздар мен өзгеде қызметкерлер, докторанттар катысты. Спартакиаданың бағдарламасында волейбол,тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол, бадминтон, шахма, т.б. спорттық жарыстар ойналды. Сайысқа белсене қатысқан кафедра оқытушы, докторанттарына алғыс айтамыз.  

Ақпарат беруші: Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Тлетай Ш. Т