Жаңалықтар

«ДЕНСАУЛЫҚ — БАЙЛЫҚТАНДА ҚЫМБАТ»

06.01.2019

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

Ақпарат беруші: Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Тлетай Ш. Т

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік - ел тұғырым

15.12.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің негізгі мерекесі саналатын Тәуелсіздік Күнін атап өтті. 26 жыл ішінде Қазақстан әлемде толерантты және табысты мемлекет имиджін қалыптастырды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов өз сөзінде «Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы мен дұрыс бағыты Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында үлкен өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстанның даму үлгісінің табысты болуын алдын-ала анықтап берді», – деп атап өтті.

 

Ұйымдастырушы: Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Тлетай Ш.Т 

 

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр жобасы аясында жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу

03.12.2018

2018 жылы 3 желтоқсанда математика және механика факультетінің Қызыл залында ақпараттық технологиялар факультеті мен «Сұңқар» ұйымдастыруымен жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Менің болашақ мамандығым

22.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, автоматтандыру және басқару мамандығының 18-3 тобында қарашаның 27 жұлдызында «Менің болашақ мамандығым.» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Ашық тәрбие сағаты барысында студенттердің не үшін дәл осы мамандықты таңдағаны, автоматтандыру және басқару мамандыңының қиындықтары мен болашақтың мамандығының бірі екені түсіндіріліп,сөз етілді.

 

Ұйымдастырушы: Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы Умаров А.А.

 

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы Алматыда өтіп жатқан театр фестиваліне қатысушы Астана қаласы Жастар театрының 3 қойылымын («Жанарымдағы жалғыз әуен», «Асауға тұсау» және «Қыз Жібек») тамашалады.

27.09.2018

27-29.09.2018 күндері Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері мен
оқытушы-профессорлар құрамы Алматыда өтіп жатқан театр фестиваліне қатысушы
Астана қаласы Жастар театрының 3 қойылымын («Жанарымдағы жалғыз әуен», «Асауға
тұсау» және «Қыз Жібек») тамашалады. Көрермендер үлкен творчестволық ізденіс
үстіндегі өнер ұжымының қойылымдарынан мол ляззат алып, тынығып және тазарып
қайтқандарын айтады. Барлығы бұл мәдени іс-шараға факультеттің 750 студенті мен ОПҚ
мүшелері қатысты.

Болат ӘБЕНОВ,
Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға куратор-эдвайзері

Ары қарай оқу >>

Бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші

26.09.2018

26.09.2018. Университет деңгейінде Бірінші курсқа қабылдау мерекесі өтті. Жоғарғы
оқу орындарына түскен білімге құштар жас өркен өміріндегі айтулы мерекеге Ақпараттық
технологиялар факультетінің басшыларымен қатар куратор-эдвайзерлер және қуаныш
иелері – бірінші курс студенттері де қатысты. Биылғы жаңа оқу жылында факультетімізде
даярланатын 5 мамандықты 1100-ден аса мемлекеттік грант иегері таңдаған. Бұл – заман
талабына сай техникалық мамандықтарға жастардың қызығушылығының артуының
белгісі.

Болат ӘБЕНОВ,
Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға куратор-эдвайзері

Ары қарай оқу >>

Астана Жастар театры әртістерімен кездесу

21.09.2018

21.09.2018. Ақпараттық технологиялар факультетінде Алматыға театр фестиваліне келген Астана жастар театрының артистерімен «Алматыға қош келдіңіз, жұлдызды жастар!» атты кездесу өтті. Кездесуге театрдың бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері, Республикалық білім беру ісінің үздігі, «АЛТЫН АДАМ» ұлттық сыйлығының иегері Н.Жақыпбай театр труппасындағы 41 артисті ертіп келді. Театр жетекшісі студент жастарға театр тынысы, шығармашылығы, ұжымның жеткен жетістіктері мен фестивальге қандай қойылымдарды әкелгендерін баяндап, көрермендерді ойландырып жүрген көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Сырласу соңы артистердің жарты сағаттық тік тұрып қосылып айтқан ән концертіне ұласты. Кездесуге келген өнер сүйгіш студенттер мен оқытушы-профессорлар ұзақ қол соғып, өздерінің артистерге деген жүректен шыққан дән ризашылық алғыстарын білдірді.

Болат ӘБЕНОВ,

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға куратор-эдвайзері

Ары қарай оқу >>