Медицина факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының куратор-эдвайзерлері Оспанбаева М.Ж. және Жұмашев Д.С. 1 курс куратор-эдвайзерлеріне арналған оқыту семинарына қатысты.
Көрулер: 1611
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер мектебі 2022 жылдың 11-12 ақпанында 1 курс куратор-эдвайзерлеріне және факультеттердің аға куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.
Тақырыбы: "Қазіргі жағдайда жастардың бейімделуі: стресске төзімділік және резильенттілік".
Оқыту процесінде келесі бағыттар бойынша тренингтер мен практикалық сабақтар өткізілетін болады:
- ЖОО студенттерінің өзіндік сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін дамыту;
- ЖОО студенттері үшін оқудан тыс іс-шараларды ұйымдастыру технологиялары;
- Жастарды өзгерістерге бейімдеу, эмоционалдық жағдайды психокоррекциялау;
- Стресстік жағдайдағы адамның психологиялық тұрақтылығы;
- Рухани-адамгершілік тәрбие қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі ретінде;
- Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
- Қарым-қатынас стратегиясымен – мінез-сипатының акцентуациясы.
Семинар-тренингтің мақсаты: төтенше жағдай кезінде жастарды бейімдеудің заманауи тәсілдеріне, стресске төзімділік пен резильенттілікті дамыту тәсілдеріне оқыту.