ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРІ МЕН КОНСОРЦИУМ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЛАСТЕРЛІК КЕЗДЕСУІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде National Erasmus+ Office in Kazakhstan ұйымдастыруымен жоғары білім беру әлеуетін арттыру (ЖББӘА) жобаларының үйлестірушілері мен консорциум мүшелерінің 2019 жылдың 15 мамырында кластерлік кездесуі болып өтті. Негізгі мақсаты ЖББӘА жобаларының жұмыс істеу деңгейлерін анқытау және оқу бағдарламарын құрастыру барысындағы жұмыс берушілермен атқарылып жатырған іс-шараларымен танысу және ақпарат алмасу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының конгресс залында Қазақстан Республикасының ЖОО жүзеге асырылып жатырған ЖББӘА жобалары бойынша класстерлік кездесу болып өтті. Кездесу алғашқы сөз National Erasmus+ Office in Kazakhstan директоры Шайзада Тасбулатова сөз алып, келген қонақтармен және күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырды. Конференция залында әр жобаның өздерінің бұрыштары жасалынып, таныстыру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық қағаздары да таратылды. Аталмыш шараға Қазақстан Білім және ғылым министрлігінен ЖОО және ЖОО кейінгі білім беру жөніндегі департамент басшысы орынбасары, Бану Мухатаевна Нарбекова, Қозыбаев М. атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет ректоры Серик Мауленович Омирбаев, және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жөніндегі проректоры Аскар Кусупбекович Хикметов сөз алып, ЖББӘА жобаларының білім процесі үшін маңызды екендігі туралы сөз қозғады.

Кластерлік кездесу барысында пленарлық жиналыста жұмыс берушілермен қалай тығыз қарым-қатынас орнату керек және білім беру бағдарламалары қалай құрастырылуы қажеттігі туралы Серик Омирбаев талдап, кеңестерін ұсынды және жоба үйлестірушілерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, пленарлық жиналыстан соң әрбір ЖББӘА жобалары өз топтарында таныстырылып, топ бойынша кураторларға және басқа жоба жетекшілеріне таныстырылды. Сұрақтар қойылып, әр жобаға талдау жасалды. Талдау нәтижелері бойынша әр топта есеп жасалынып, қорытынды жиналыста айтылды.

Қорытынды бойынша, сарапшылар және National Erasmus+ Office in Kazakhstan тараптарынан жобалардың жұмыс берушілермен жұмыс деңгейі қанағаттанарлық деген баға қойылды.

Осы орайда, National Erasmus+ Office in Kazakhstan ұжымы Еуроодақ тарапынан атқарылынып жатырған жұмыстары бойынша «VERY GOOD» деген баға алғандығы туралы мәлімдеме жасалды. Біз, өзіміздің тарапымыздан National Erasmus+ Office in Kazakhstan ұжымын жетістігімен құттықтаймыз.

Басылым күні :  23.05.2019