Түркиядағы маусымдық жұмыс студенттердің практикалық білімін жетілдіреді
22.12.2024
Көрулер: 61
2024-жылдың 20-желтоқсан күні география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Акбар Иманылының ұйымдастыруымен студенттердің практикалық білімін арттыру мақсатында «Түркиядағы маусымдық жұмыс студенттердің практикалық білімін арттырудың кепілі» тақырыбында семинар дәрісі өтті. Дәрісті Түркияға маусымдық жұмысқа жіберумен айналысатын VBESS компаниясының Бас директоры Эмре Четинкая және ақпарат-жарнама жөніндегі директоры Али Четинкая рекреациялық география және туризм кафедрасының мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі студенттеріне арнап жүргізді.









