«Біз мамандықты, мамандық бізді таңдайды» кәсіптік бағдар беру кездесуі

20.09.2024

Көрулер: 262

 

19 қыркүйек 2024 жылы "Алматы     облысы    білім    басқармасының Балқаш  ауданы   бойынша  білім  бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп -гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" МКМ-де «Біз мамандықты, мамандық бізді таңдайды» атты кездесу өтті. Кездесуге Балқаш ауданының жоғары қызметте отырған әртүрлі маман иелері шақырылды:  Керимова Укиляй Керимовна - Экономика  ғылымдарының  докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі, Базарбаева Жазира Аманкелдіқызы - «Іскерлік әкімшілік жүргізу» білім беру бағдарламасы бойынша EMBA магистрі. Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің  аппарат  жетекшісі, Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы - «Бақанас аграрлық-индустриалдық колледжі» директоры, Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі.

 

 

Болашақ маман иелері 9-11 сынып оқушылары шара барысында көптеген мағұлматтар алды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің еліміздегі басқа университеттерден артықшылықтарын айта отырып, География және табиғатты пайдалану факультетіндегі мамандықтарға аса назар аударды. Кәсіптік бағдар беру барысында оқушыларға үлестірме материалдар таратылды.