әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкерлері Батыс Қазақстан өңірінде далалық зерттеулер жүргізуде

26.08.2024

Көрулер: 262

 

"Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" бағдарламасын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкерлері Батыс Қазақстан өңірінің табиғи ландшафттарына далалық зерттеулер жүргізуде.

 

 

Далалық экспедицияға география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығының қызметкерлері қатысуда.

 

 

Экспедицияның негізгі міндеттері - табиғи ландшафттардың қазіргі жағдайын зерттеу, олардың антропогендік бұзылу дәрежесін анықтау және шаруашылық іс-әрекеттен туындаған аймақтың экологиялық мәселелерін анықтау. Зерттеулер климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) 13 және құрлық экожүйелерін сақтауға бағытталған ТДМ 15 іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

 

 

Далалық зерттеулердің нәтижесі - өңір ландшафттарының антропогендік бұзылуын бағалау және белгіленген учаскелерде ЖҚЗ (Жерді қашықтан зондтау) деректерін растау болып табылады https://youtu.be/riC-skpn0Tg.