Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының келісім шарты 2028 жылға дейін ұзартылды!

18.06.2024

Көрулер: 306

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының атына Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қызметін 2028 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту туралы хат алынды. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша мониторингінің және өткен 4 жылдағы қызметі туралы есептің нәтижелері бойынша кафедра жұмысы жоғары бағаланды.