Докторанттың шетелдік ғылыми тәжірибеден өтуі

29.03.2024

Көрулер: 99

Картография және геоинформатика кафедрасы «8D07303-Картография» оқу бағдарламасының 3-курс докторанты Егизбаева Асет Сағатбекқызы 2024 жылдың 09-қаңтарынан 10-наурыз аралығында Таиланд мемлекеті, Бангкок қаласында орналасқан «Азия технологиялық институтында» ғылыми тәжірибеден өтті.

 

 

Азия технологиялық институты (AIT) «Су шаруашылық және басқару» департаментінде қолданылатын ғылыми-зерттеу әдістерімен танысып, диссертация тақырыбына қажетті материалдарды жинақтап, «Балқаш көлі  бассейніндегі өзендер ағынының маусымдық ауытқуын ЖҚЗ негізінде модельдеу және болжау» тақырыбында кафедра профессорларымен талқылап және кеңес алып келді. Сонымен қатар, аталған университеттен ғылыми тәжірибе жинақтау барысында алынған ақпараттарды пайдалана отырып ғылыми басылымға мақала жазылуда.