География және табиғатты пайдалану факультеті 1 Наурыз «Алғыс айту» күнін атап өтті

01.03.2024

Көрулер: 148

География және табиғатты пайдалану факультеті 1 Наурыз Алғыс айту күнін кеңейтілген ғылыми кеңес атап өтті. Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Қазақтың бата, тілек, алғыстары, сонау ескі дәуірден қазірге дейін құнын жоймай келе жатқан, халықтың үміті мен келешекке сенімін білдіретін жарқын ниет, игі тілектерінің куәсі.

Дәл сондай ризалық алғысымызды біз де ұлағатты ұстаздарымыз бен студенттерімізге білдіріп отырамыз. Мереке аясында академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі – Проректор Л.К. Еркінбаева университеттіміз бен факультетіміздің дамуына зор үлес қосқан оқытушы-профессорларымызға ректордың Алғыс хаттарымен, белсенді студенттерімізді марапаттады.