Студенттердің рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, Университет тарапынан театр қойылымдарына бару ұйымдастырылды.

16.10.2023

Көрулер: 617

14-қазан күні География және табиғатты пайдалану факультеті студенттері “Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында барып, «№13» 2 сахналы комедиялық қойылым тамашалап, рухани азық алып қайтты. Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды қазіргі өмір мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастыруға бағыт бағдар берді. Спектакл студенттерге үлкен әсер қалдырды. Нәтижесінде театрға 110 студент барды.

 

Іс-шараға жауапты География және табиғатты пайдалану факультетінің Аға куратор-эдвайзері А.М.Әлімбай.