"28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ"

02.05.2023

Көрулер: 1083

2023 жылы 28 сәуірде География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының педагогикалық практика жетекшісі Қожахан А.К., «7M11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне» арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға оқытушылар мен студенттер, өндіріс орындарының еңбек қорғау саласының бас мамандары, сонымен қатар онлайн форматта Франция, Әзербайжан арнайы қонақтар қатысты.

Дөңгелек үстелді ТД бойынша ЮНЕСКО кафедрасы География және табиғатты пайдалану факультетінің 75-жылдық мерейтойына арнады.

2023 жылғы Дүниежүзілік күннің тақырыбы «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы-еңбек саласындағы негізгі қағида және құқық» деп жарияланды.

Іс шараның жетекшісі Қожахан А. К. өткізіліп отырған шараның маңызына тоқтала келіп, құттықтау сөзді География және табиғатты пайдалану факультетінің деканының міндетін атқарушы Ақтымбаева Әлия Сағындыққызына ұсынды.

Ары қарай 1 курс магистранттары шараны өткізу тізгінін өз қолдарына алды.

Болат Айгерім, Төлегенов Әлишер, Оразғалиева Іңкар үш тілде тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама жасады, шақырылған қонақтарды таныстырып өтті. Олар: Долгалева Елена Сергеевна – «KazPromEducation» ЖШС атқарушы директоры, Исатаева Айдана Кенжеғалиқызы – Гелиос ЖШС орталық офистың Еңбек Қорғау, Техникалық қауіпсіздік және Өнеркәсіптік Қауіпсіздік инженері, Бегімбетов Тимур Асхатұлы – Еңбек Қауіпсіздігі және Еңбекті Қорғау, Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Қоршаған ортаны қорғау қызметі басшысы, Маймақов Арман Таужанұлы-ҚазҰУ-нің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және азаматтық қорғау бөлімінің бастығы, Набиуллин Жайсаң Жасұланұлы-ҚазҰУ-нің Азаматтық қорғаныс, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, Қасымбеков Дастан Нұрланұлы - Қоршаған ортаны қорғау, Еңбек Қауіпсіздігі және Еңбекті Қорғау инженері және Obrillant Damus - Гаити мемлекеттік университетінің профессоры және Шербрук университетінің доценті.

Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Obrillant Damus видео хабарламасында ақылы жұмыс туралы және жұмыстың адамға әсері, пайдасы, жұмыстың қоғамдағы орны туралы сөз қозғады. Қонақтарға арнайы сыйлықтар мен сертификттар табыс етілді.

Есенов Құлета ТШО өндіріс орнында алған тәжірибесімен бөлісіп, әсерлі баяндама жасады.

«Еңбек қауіпсіздігіндегі толықтырылған шындық» тақырыбына Ақылбек Алтын презентация жасады.

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығына қатысты жаңа мамандықтарды Болат Айгерім таныстырды.

Шараға қатысып отырған 1,2,3 курс бакалаврларының "Еңбекті қорғау" бойынша теориялық білімдерін бағалау мақсатында, арнайы дайындаған «Ұяшық» ойынына қатысуға залда отырған 3 ерікті студент шақырылды.

Газқағарды уақытқа киюге ойындар ұйымдастырылды. Ортаға 3 ерікті ұл шақырылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Ұяшық ойынында: 1 орын- Мынжасов Даулет, 2 орын- Амангалиев Абдирасул, 3 орын- Сағын Шыңғыс.

Газқағарды уақытқа киюде: 1 орын- Мынжасов Даулет, 2 орын - Мендібаев Рамазан, 3 орын - Тасбек Асылжан.

Мамбеталиев Даулет, Сейіт Гүлсара, Сарсекенова Нұрай шараның ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары дәрежеде өтуіне өз үлестерін қосты.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе “Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО” кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Тұрсынкүл Амангелдіқызы шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл шараны өткізу кафедрада бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғанын және келесі жылы да жалғасын табатынына тоқталды.

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп кофе-брейкке шақырылды.