Байқау талаптарын түсіндіру

02.05.2023

Көрулер: 783

2023 жылдың 2 мамырында география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева, оқытушылар Д.А. Байсейтов пен А.А.Ошақбай  №4 студенттер үйінде тұратын студенттерге осы жылдың мамыр айы мен қазан айында өткізілетін «Пластиктің екінші өмірі» - пластикалық қалдықтарды жинау бойынша жастар арасындағы республикалық байқаудың жалпы талаптарын түсіндірді. Байқаудың мақсаты – білім алушыларға пластикалық қалдықтарды жинау мен сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру,  пластикті қайта өңдеу саласындағы жастардың қызығушылығын арттыру. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, аталған байқауға ҚазҰУ студенттері, оқытушылары белсене қатысайық!