Жақсылық жасап жарысайық!

20.04.2023

Көрулер: 607

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» – деп ғұлама айтып кеткендей Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері «Қайырымды қоғам» жобасы аясында, адамзат үшін ең басты деп санаған мейірімділік, парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты құндылықтарды дәріптеу мақсатында игі істер атқарылып, студенттерге терең білім мен қатар тәрбие де берілуде.

Осы мақсатта университеттің, География және табиғатты пайдалану факультетіндегі, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен жүргізілген «Қайырымдылық жасап жарысайық» іс-шарасын ұйымдастырды. Кафедра студенттері әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылармен хабарласып, оларға азық – түлік, тұрмысқа қажетті заттарды апарып тапсырды. Тұрмыс қиыншылығын бастан кешіп отырған отбасына жасалған осы бір аз ғана қайырымдылық іс студенттердің бойында қамқорлық, жанашырлық, мейірімділік сияқты қасиеттерді оятса, ал отбасы мүшелеріне қуаныш сыйлады.