Жайлау күні!

15.03.2023

Көрулер: 418

15 наурыз – Наурыз-жаңару немесе «Жайлау күні». Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті ұлық мерекеде жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.

Осыған орай наурыз айының 15 жұлдызында Картография және геоинформатика кафедрасының геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жайлау күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті.