“Орталық Азия мемлекеттері арасындағы трансшекаралық экологиялық мәселелері” тақырыбындағы дөңгелек үстел

28.04.2023

Көрулер: 729

23.03.2023 ж. Қытай Халық Республикасынының «SouthWest China University» жоғарғы білім алу орталығында “Орталық Азия мемлекеттері арасындағы трансшекаралық экологиялық мәселелері” тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: студенттерге Халықаралық деңгейдегі экологиялық мәселелерді айқындау, талқылау және талдау арқылы, олардың шешу жолдарын табуға бағыттау. Орта Азия университеттерінің студенттері арасында мәдени алмасуды қамтамасыз ету.

Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының Геоэкология білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Амребаева Ансара Айдарқызы қатысты.

Дөңгелек үстелде су ресурстары, ауа сапасынының төмендеуі, шөлейттену тақырыптарына ерекше назар аударылды, соның ішінде Қытай мен Қазақстан мемлекеттерінің арасындағы су ресурстарын дұрыс пайдалану туралы пікірталас орын алды.

Ұйымдастырушысы: Southwest China University университетінің “Халықаралық қатынастар кафедрасы” профессоры - Wang Young.