Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл» атты іс шара

06.04.2023

Көрулер: 543

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, бірлесіп Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл» атты іс шара өткізді. Іс шара 5 – сәуір күні болды, Іс шараға жоғарыда аталған жоғары оқу орындардың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, топырақтану, агрохимия және экология кафедрасы, Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі, Экология кафедрасының ұжымдары мен студенттері және магистрантттары қатысты. Іс шарада Ахмет Байтұрсыновтың өмір баяны шығармалары, атқарған қызметі, абақтыдан үзіндісі (көрініс), мұражайына ғылыми танымдық саяхат (видеоролик), «Қан шеңгел»хатын талқылау жасалды.