СҒЗЖ Республикалық конкурсы 2023

04.04.2023

Көрулер: 594

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 15.03.2023 жылғы №06-2/83-ВН хатына сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу жөніндегі базалық ЖОО болып табылады және келесі білім беру бағдарламалары бойынша II кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды:

7М05203-География;

8D05202-География;

7M07305-Кадастр;

7M05206-Гидрология;

6B05204-Метеорология;

7М05207-Метеорология;

7М11101-Туризм;

8D11101-Туризм;

7М05209-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару.

Конкурсқа жұмыстар 2023 жылғы 29 сәуірге дейін "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар" талаптарына сәйкес қабылданады.

Белгіленген мерзімде конкурсқа жұмыстарды ұсынуды сұраймыз:

-     050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ мекенжайы бойынша қағаз түрінде («СҒЗЖ республикалық конкурсына» деген белгісі болуы қажет).

-     электрондық түрде, e-mail: nurgul.yedrenova@kaznu.edu.kz

Анықтама телефоны: 8 (727) 377 33 33, ішкі 11-62.