Ашық есік күні

27.02.2023

Көрулер: 663

27.02.2023 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған ”Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Шараға республикамыздағы 10-11 сынып оқушылары қатысты. Атаулы шара аясында талапкерлер университет өмірімен, факультетпен, кафедралармен, дайындау бағытымен, оқуға түсу шарттарымен және студенттік өмірмен танысты. Ашық есік күні барысында өызықты викториналар және интеллектуалды ойындар ойнатылып, шараның белсенді қатысушылары мақтау қағазымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, Талапкерлерге факультетте және кампус ішінде экскурсиялар жүргізіп, олар аудиториялар, зертханалар, Жерді қашықтықтан зондылау (ЖҚЗ) орталығы, кітапхана, «Керемет» СҚКО, спорт кешені сияқты университеттің басты ғимараттарын тамашалады.