Студенттердің жаңа оқу жылындағы әлеуметтік жағдайларымен танысу. ҚазҰУ-ті студенттерінің ар-намыс кодексі және студент туралы ережесі туралы.

22.09.2022

Көрулер: 751

Қыркүйек айының 22 жұлдызында «Геодезия және картография» мамандығының 1 курс студенттерімен тәрбие сағаты өтті. Эдвайзерлік сағатта студенттермен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі талқыланды. Сабақ барысында әр студент өз міндеттері туралы айтып, аталып отырған ар-намыс кодексін қабылдайтындықтарын жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенетіндіктерін жеткізді.