Мәдение ағарту
02.10.2022
Көрулер: 1164
География және табиғатты пайдалану факультетінің (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) оқытушылары, студенттері мен магистранттары Ғ.Мүсірепов ат. балалар мен жасөспірімдер театрында Қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың "Арманым-Әселім" хикаясының желісімен сахналанған "Қызыл орамалды шынарым" спектаклін тамашалады. Шараның негізгі мақсаты- студенттердің бойында рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру.
Лирикалық драма барды уақытында бағалауға, адалдыққа , қамқорлыққа дәріптейтін, қырғыз халқының салты мен дәстүрін, қонақжайлығын көрсете білген, қимастыққа толы көрінісімен әсерлі болды.






