Фараби форумы аясында тәжірибе алмасты

07.04.2022

Көрулер: 1341

География және табиғатты пайдалану факультетінің ұйымдастыруымен I Халықаралық Фараби форумы аясында «Орнықты даму мақсаттарын имплементациялау: проблемалар мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін географиялық ғылымдар саласындағы ғылыми мәселелер мен білім беру тәжірибелерін талқылау.

Жиын барысында табиғатты тұрақты пайдалану және жасыл экономика, тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау үшін заманауи технологиялық шешімдер, техносфералық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, табиғи және антропогендік жүйелердің өзекті мәселелері, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін нексус тәсілінің рөлі тағы басқа мәселелер талқыланды.

Шараға қатысушылар Колумбия округі университетіндегі (Вашингтон, АҚШ) әріптестерінің тәжірибесімен танысты.