"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы А. Р. Медеумен кездесу

18.03.2022

Көрулер: 1969

2022 жылдың 18 наурызында "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы В. Г. Сальников "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы А. Р. Медеумен кездесті. 
Кездесуде кадрлар даярлау және Жер туралы ғылым саласында зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жұмысты көздейтін ғылым мен білім беруді интеграциялаудың даму келешегі талқыланды. 
Аталған кездесуге география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі Г. Н. Нүсіпова, метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі С. Е. Полякова, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева, рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі А. С. Ақтымбаева, картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі А. А. Асылбекова, деканның орынбасары А.А. Рысмағамбетова, гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының жетекшісі Мадибеков А. С., су ресурстары зертханасының жетекшісі Турсунова А. А. қатысты.