«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тәрбие сағаты.
Көрулер: 1600
2021 жылдың 11 қыркүйегінде «Геодезия және картография» мамандығының 4 курс, қазақ бөлімінің 8, 9, 10 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Мемлекеттік тіл саясаты аясында, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру.
Іс шраның барысы:
Кіріспе сөз: Кожахметова У.К. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Өз тілімізді құрметтей отырып, басқа тілдерді білу қазіргі заман талабы болып отыр. Себебі тіл білу сіздер үшін және де елдің ертеңі үшін өте керек нәрсе. Біздің көп ұлтты елімізде ұлтаралық татулықты сақтап, ұлттық-мемлекеттік біртұтастықты қалыптастырып, қазақстандық патриотизмді негізге ала отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты мақсатымыз болып табылады. Біздің университетіміздің негізгі миссиясы да нарық заманында бәсекеге қабілетті жастарды дайындау. Ол үшін тілді білу өте маңызды. Осыған орай университеімізде өтіп жатқан тіл фестивалі аясында бүгінгі іс-шара өткізіліп отыр.
Дөңгелек үстелде студенттер даярлаған презентация тыңдаланып, төмендегі сұрақтар талқыланды:
-
«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз».
-
Тіл мәртебесі
-
Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?
-
Үш тұғырлы тілге көз қарасыңыз?
Әр сұрақтан кейін студенттердің жауаптары, пікірлері тыңдалынып, талқыланды.






