«Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаты.
10.09.2021
Көрулер: 1253
Қыркүйек айының 10 жұлдызында сағат 18.00-де Картография және геоинформатика кафедрасының, Геоинформатика мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаты өтті. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.






