Қазіргі әлемдегі Қазақстанның географиялық ғылымы

25.11.2020

Көрулер: 2056

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 

 

        Сіздерді «Қазіргі әлемдегі Қазақстанның географиялық ғылымы» атты X Жандаев оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конфренциясына қатысуға шақырамыз.    

Конференция 2020 жылдың 11–12 желтоқсан аралығында онлайн режимінде өтеді.  

 

Жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

 

  • Мемлекеттік және трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қазіргі мәселелері (ЕҚТА); 
  • Табиғатты пайдаланудың ғаламдық және аймақтық мәселелері; 
  • Қазақстандағы экологиялық туризм - дамыту, орналастыру, зерттеу принциптері; 
  • Қазақстанды цифрландыру - мазмұны, проблемалары, жетістіктері мен болашағы; 
  • Картографиялық бақылаудың геожүйелердің тұрақты даму проблемасын шешуде мазмұны мен рөлі; 
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы геодезиялық желілердің қазіргі жағдайы және оларды жаңғырту мәселелері.   
     

    Конференция жұмысына қатысу түрі: 
  • пленарлық отырысына баяндама; 
  • секциялық отырысына баяндама; 
  • конференция жұмысына баяндамасыз қатысу; 
  • конференция жұмысына тікелей қатыспай-ақ басылымға беру. 

     
    Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша. 

               
Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына электронды пошта арқылы: конференцияға қатысуға өтінімді және жариялауға арналған материалдарды 5.12.2020 ж. дейін жіберуі тиіс. Толығырақ