«Тұзданған топырақтарды мелиорациялау және деградацияға ұшыраған жерлердің экологиялық-ландшафттық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

01.04.2019

Көрулер: 3563

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

 

Сіздерді 2019 жылдың 11-12 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде өтетін халықаралық «Экология» академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры Мамытов Жекен Үмбетқұлұлының 80-жылдық мерейтойына арналған «Тұзданған топырақтарды мелиорациялау және деградацияға ұшыраған жерлердің экологиялық-ландшафттық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

v Тұзданған топырақтарды мелиорациялауға арналған экологиялық-ландшафттық тәсіл

v Аридті аймақтардағы бұзылған (тозған) жерлерді экологиялық-ландшафттық бағалау

v Су мелиорациясының экологиялық-экономикалық негіздері

v Бұзылған (тозған) жерлерді мелиорациялау және мониторинг жасауда ГАЖ-технологиясы әдістерін қолдану

v Тұзданған топырақтарды игерудің заманауи әдістері мен тәсілдері

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ:

  1. Пленарлық отырыстағы баяндама
  2. Секциялық отырыстардағы баяндама
  3. Постерлік сессия
  4. Конференция жұмысына сырттай қатысып, жұмысын жариялау

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ

 

қазақ, орыс, ағылшын

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

 

Тұрақты даму мен табиғи ресурстарды ұтымды (тиімді) пайдалану контекстіндегі тұзданған топырақтарды мелиорациялау және бұзылған (тозған) жерлердің экологиялық-ландшафттық мәселелерін талқылау. Бұл конференция профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар кәсіптік қауымдастық өкілдерінің арасында тәжірибе, идея алмасу үшін деградацияға ұшыраған жерлерді пайдалану мен қалпына келтіру мәселелерін шешуге арналған платформа бола алады.

 

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтініш пен мақаланы электронды түрде жолдау қажет. Мақалалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Конференция материалдары электронды форматта конференциялық жинақ түрінде жарияланады. Таңдалған үздік мақалалар «ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы» журналында жариялауға ұсынылады, сондай-ақ редакция алқасының ұсынысы бойынша АҒЫЛШЫН тіліндегі ең үздік мақалалар SPRINGER NATURE (Германия) баспасында жариялау үшін монографияға енгізіледі.

 

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

 

  • Абстракт – 15 шілде 2019 ж.
  • Мақала – 5 тамыз 2019 ж.
  • Постер – 5 тамыз 2019 ж.

 

Конференция бойынша сұрақтарыңызды Ұйымдастыру комитетінің төмендегі мекенжайына жолдаңыз: elprssld@gmail.com

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

 

Темирбаева Камшат Аскаровна, PhD            

+ 7 (701) 328-97-67

elprssld@gmail.com


 

Сонымен ақпарат келесі сайттардан да қарай аласыздар:

http://konferencii.ru/info/129922

https://www.science-community.org/ru/node/204664