Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Көрулер: 2408
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 27-28 наурызында «5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 - Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Олимпиада тілдері: казақ және орыс.
Олимпиаданың тақырыптық бағыттары: - География; - Экология; - Гидрология; - Геодезия және картография.
Олимпиадаға «География», «Гидрология», «Геодезия және картография» және «Экология» мамандықтары бойынша оқитын, үш студенттен құралған командалар қатысады.
ОЛИМПИАДА ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
-
Өз университетінде өтетін кезең (2019 жылдың 1 қаңтарына дейін);
-
Республикалық финалдық кезеңі (27-28 наурыз 2019 ж.).






