«Startup Turan» қалалық бизнес-жобалар конкурсын өткізу туралы

26.02.2019

Көрулер: 2702

«Тұран» университеті Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірге қазақстандық ЖОО студенттерін «Startup Turan» бизнес-жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың мақсаты кәсіпкерлікті жастар арасында тиімді өмірлік стратегия ретінде насихаттау болып табылады.

Конкурстың міндеттері::

- шағын кәсіпкерлік саласында жастар ұсынған және бизнесті жүргізудің жаңа, тиімді нысандары мен әдістерін іздеуге бағытталған жобаларға ақпараттық-әдістемелік көмек және қаржылық қолдау көрсету;

- жастарды өз бизнесін құруға және дамытуға ынталандыру;

- шағын кәсіпкерлік саласындағы озық жұмыс тәжірибесін тарату;

- конкурсқа қатысушыларға олардың жобаларын енгізуге одан әрі жәрдемдесу мақсатында бизнес-жобалар банкін қалыптастыру.

Байқау жеңімпаздарын Алматы қаласы «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының дипломдары мен грамоталары күтеді; жобаларды қазақстандық ЖОО студенттерінің үздік startup-жобаларының тізіліміне енгізу; Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан сервистік қолдау көрсету; «Тұран» университетінде оқуға 30% - дан 50% - ға дейін жеңілдіктер; ең перспективалы жобаны ілгерілетуге арналған бастапқы капитал.

Байқау 2019 жылдың 18 наурыз-25 сәуір аралығында үш кезеңде өтеді.

 

Ақпараттық хат >>>