Шағын футболдан турнир өткізілді

24.05.2018

Көрулер: 3735

"Салауатты өмір салты" жобасы аясында метеорология және гидрология кафедрасының 3 және 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өткізілді.

Шараның мақсаты жасөспірімдердің бос уақытты тиімді пайдалану және спорт түрін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанаты кафедра оқытушыларының құттықтау сөздерінен бастау алды. Жарыста метеорология және гидрология кафедрасының студенттерінің 1 және 4 курс студенттерінің арасынан командалар қатысты. Жарыс қызу да қызықты өтті. Қатысушылар ойын ережесін сақтай отыра, жарысты өз дәрежесінде өткізді. Әр командадан алты ойыншыдан қатысып, жақсы ойын нәтижесін көрсетті.

Ойын нәтижесі бойынша 4 курс студенттерінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынға оқуға жаңадан қадам басқан 1 курс студенттері орнықты. Үшінші орынды 3 курс студенттері иеленді. Жүлделі орны алған командалар мараппатталып, аранйы дайындалған сыйлықтарға ие болды және «Метео кубогы» табысталды.  

Сондай-ақ үздік ойыншы атауы номинациясы бойынша 1 курс студенттер командасының шабуылшысы Алдабергенов Жанкелді марапатталып арнайы сыйлыққа ие болды.