«Алатау өнер» театрында Алматы қаласы жастарының Дельфий ойындары байқауы өтті
Көрулер: 4085
Алматы қаласында жылдағы дәстурге сәйкес 2018 жылдың 21-23 маусым аралығында «Алатау өнер» театрында Алматы қаласы жастарының Дельфий ойындары байқауы өтті.
Ойындар мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етуді көздейді. Осы тұрғыда өткізілген іс-шараның орны ерекше.
Алматы қаласы жастары арасындағы дельфий ойындары 16 номинация бойынша өткізілді, яғни олар фортепиано, скрипка, саксафон, домбыра, прима-қобыз, қыл-қобыз, академиялық орындау, халық әні, эстрадалық ән, халық биі, қазіргі заман биі, фотосурет, бейнелеу өнері, киім дизайны, театр, тележурналистика, қысқаметражды кино бойынша өтті.
Байқауға Алматы қаласының 10-25 жас аралығындағы белсенді жастары, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты. 16 номинация бойынша өтекен байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО, мектеп пен колледж арнайы марапатталды.
Байқау жеңімпаздары қаламыздың намысын республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады. Қалалық байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.
Байқауды ашу салтанаты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, «Студенттік Көктем – 2018» байқауының жеңімпаздары география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне бұйырды.
Осы байқауда Метеорология және гидрология кафедрасының 1 курс студенті Тукбаев Жамали эстрадалық ән номинациясы бойынша бақ сынады. Метеорология және гидрология кафедрасының студенті конкурс барысында екі ән «Өсиет» және «Абай әндерінен попури» форматында орындады. Байқау барысында белсенді өнер көрсеткені үшін арнайы Сертификатпен марапатталды.
Университетіміздің осындай өнерлі студенттері осындай улкен масштабатағы байқауларға қатыса отырып, өздерін рухани жағынан жаңғыртып, өнер саласы бойынша болашаққа тәжірибе жинап, шыңдала түседі.






