Жаңалықтар
"Метеорология" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастырумен футболдан турнир өтті
21.04.20192019 жылдың 21 сәуір күні "Салауатты өмір салты" бағдарламасының аясында "Метеорология және гидрология" кафедрасының "Метеорология" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастырумен футболдан турнир өтті.
«Туризм» мамандығы бойынша VIII ЖОО аралық студенттік олимпиада
20.04.20192019 жылдың 19-20 сәуірінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының негізінде құрылған, «Жастур» туризм және спортты дамыту клубы, «Туризм» мамандығы бойынша VIII ЖОО аралық студенттік олимпиадасын өткізді.
COMSATS Үйлестіру Кеңесінің 22-ші кездесуі Қытайдың Тяньцзинь қаласында 2019 жылғы 16-18 сәуір аралығында өтті
20.04.2019ҚазҰУ-да. Әл-Фараби - ТМД-ның жалғыз университеті, ол COMSATS беделді халықаралық үкіметаралық ұйымының мүшесі болды (оңтүстікте орнықты даму үшін ғылым және техника жөніндегі комиссия).
Осы жылы COMSATS Үйлестіру Кеңесінің 22-ші отырысы 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап 18 сәуіріне дейін өткізілді. CAS, ҚХР Тянжин Индустриалды Биотехнология Институты (TIB) жақында қосылған жоғары жетістіктер орталықтарының бірі. Жиналысқа Қытайдың ғылым және технология министрлігінің (MOST), Қытай ғылым академиясының (CAS) өкілдері, сондай-ақ Тяньцзинь қаласындағы муниципалитеттің өкілдері, сондай-ақ, «COMSATS» қатысушы елдердің ғылыми орталықтарының және университеттерінің жетекші шетелдік сарапшылары, . Сондай-ақ биыл байқаушы ретінде TWAS және UNCECO халықаралық ұйымдарының өкілдері және Қытайдағы Пәкістан дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты.
«Туристік өнімдерді дамыту» бағдарламасы
16.04.2019Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Туризм» мамандығы бойынша оқып жатқан, 2 курс магистранттары, «Туристік өнімдерді дамыту» бағдарламасы бойынша Янос Кодани (Будапешт, Венгрия) университетінде ғылыми тәжірибеден өтті.
Адамға табын жер, енді!
11.04.20192019 жылдың 11 сәуір күні, География және табиғатты пайдалану факультетінің жатақханасында «100 кітап» жобасы аясында метеорология және гидрология кафедрасының 2, 3 курс студенттерінің ұйымдастырумен 12 сәуір – Ғарыш күніне орай О. Сүлейменовтың «Адамға табын жер, енді!» поэмасы бойынша іс-шара өткізілді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА 2019
06.04.20192019 жылдың 27-28 наурызында ҚР БжҒМ бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «5В061000-Гидрология» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өткізілді.






