2021 жылғы 15 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында "Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде экологиялық журналистика" журналистердің біліктілігін арттыру курсы басталды.
Оқыту курсының модераторлары: Журналистика факультетінің Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева және География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ. к., профессор м.а. Базарбаева Тұрсынкүл Аманкелдіқызы.