"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

  • ҚазҰУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Усеинова К.Р.

 

 

 


 

 

Видео - Антикор - Награждение 01.12.2021.mp4

 

 

 


 

 

2020 жылдың 20 ақпанында Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін тиімді қалыптастыру» әдістемелік семинар өтті.

Семинарға «Sanaly Urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы К. Токушев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының басшысы Е. Игиликов, ҚазҰУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ директоры К. Усеинова, Алматы қаласы білім басқармасының бөлім басшысы А. Мұханбетов және Алматы қаласы колледждерінің басшылары қатысты.

ҚазҰУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ директоры Қ. Усеинова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

 


 

 

 

Алматыда «Sanaly urpaq» жобасы аясында ҚазҰУ-дың лекторлық топтары өз қызметін жалғастыруда.әл-Фараби атындағы қазұу.

Дәріс топтары халыққа Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіруге бағытталған.

Негізгі мақсаты - азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

2019 жылдың 4 сәуірінде «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев К. А., «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ басшысы Усеинова К. Р., ҚазҰУ заң факультетінің кафедра меңгерушісі Усеинова Г. Р., профессор Ибраева А. С., аға оқытушы Сагинаев М. Е. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.


16.01.2019 ж. Алматы қаласының ЖОО өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізу картасының сандық платформасын толтыру мәселесі бойынша әдістемелік семинар өткізілді.

 Семинар барысында картаның сандық платформасын әзірлеушілер және ҚазҰУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ сарапшылары сөз сөйледі.

 


 

 

2018 жылдың 28 тамызында Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде «Sanaly urpaq» жобалау кеңсесінің жетекшісі Токушев К. А., «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҚазҰУ ҒЗИ директоры Усеинова К. Р. Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірлесіп Алматы қаласының білім беру мекемелерінде білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мәселелері бойынша Семинар-кеңес өткізді.


 

 

 

Алматыда «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ»сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасы талқыланды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының жобасы ҚазҰУ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ әзірленді. Бұл құжат барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты – мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарына дейін.

 


 

 

 

2018 жылдың 10 мамырында «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің үйлестірушілері мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел аясында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесін зерттеу және талдау, білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді және т. б. мәселелер талқыланды.



 

«Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы

 

 

1 маусым 2017 ж. Төрағасы А.Ж.Шпекбаев ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ Керемет жастар ресурстық орталығында» ашылған Қоғамдық қабылдаудың тұсаукесеріне қатысты.

 

 

4 тамыз 2017 ж. «Жергілікті мемлекеттік органдардың негізсіз жоғары сатып алу бағаларына мемлекеттік сатып алуларын тексерудің нәтижелері туралы» тақырыбындағы семинар-кеңес.

 

 

22 тамыз 2017 ж. «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық: кеңінен тараған схемалар» тақырыбындағы пікірталас алаңы.

 

 

15 тамыз 2017 ж. «Тегін мединациналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі сатып алудың нәтижелері туралы» тақырыбындағы семинар-кеңес.

 

 

17 тамыз 2017 ж. «Медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен оған жол беретін жағдайлар» тақырыбындағы Дөңгелек үстел.

 

 

12 қыркүйек 2017 ж. «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің коррупциогендігін жою механизмдері» тақырыбындағы қалалық Дөңгелек үстел.

 

 

22 қыркүйек 2017 ж. «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері үшін қалалық семинар-кеңес.

 

 

10 қазан 2017 ж. «Коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуде сот орындаушыларының адалдығын қамтамасыз ету проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

 

 

10 қараша 2017 ж. «Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» тақырыбындағы семинар-кеңес.

 

 

26 желтоқсан 2017 ж. «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру проблемалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

 

 

«Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» жастар ресурстық орталығында Қоғамдық қабылдау ашылды.

 

 

Анықтамалық және кеңестік қызмет көрсету үшін Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-да «Азаматтық бақылаудың» қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі.

 

 

Алматы қаласының орта оқу орындарында әлеуметтік сұрақ салу жүргізілді.

 

 

24 қараша 2017 ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы академиялық адалдық» тақырыбында республиканың жоғары оқу орындары арасында телекөпір өтті.

 

 

9 желтоқсан 2017 ж. «Жaстaр сыбaйлaс жемқорлықтaн тыс» жастар форумы.

 

 

Кафедра ұжымы «Азаматтық бақылау» жобасы бойынша монография жариялады.

 

 

2018 жылы 31 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелердегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмі мен ресурстары, қазіргі таңдағы технологиялары» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару органдарының қызмтерлері, Алматы қаласының құқық қорғау органдарының, адвокаттардың Алматы қалалық алқасының, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері және Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты.

 

 

Конференцияда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Данияров Г.Г., «Sanaly urpaq» Жобалық кеңсесінің басшысы Токушев К.А. т.б. сөз сөйледі. Конференцияда сөз сөйлегендердің бәрі пеницитарлық мкемелердегі жоғары сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері оның жабықтығында екендігін атап өтті.

 

2018 жылдың 15 маусымында сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңмемлекет жәнеқұқықтеориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «SANALY URPAQ» бюросы мен бірлесіпсыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалармен «Сыбайлас жемқорлықты әмбебап қабылдамау - бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Алматы ЖОО оқытушылары, қазақстандық ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жауапты модераторы: Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С.

 

28 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Агроөнеркәсіп кешеңінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбына арналған Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

 

 

Іс-шараның қатысушылары қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы санасының қалыптасу ерекшеліктері талқылады, агроөнеркәсіп кешеңінде сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою жолдарын атап айтты.