Әл-фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет кодексі

18.06.2020

Көрулер: 4418

 Әл-фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің
корпоративті мәдениет кодексі

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

 

1.  Жалпы ережелер

 

2.  Корпоративті қағидалары мен құнды­лық­­тары

 

3.  Университет қауымдастығы мүшелері­нің корпоративтік этикасы

 

4.  Корпоративті мәдениет кодекс ереже­лерін бұзғаны үшін жауапкершілік

 

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

 

1.1 Осы Кодекс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің негізгі ұжымдық мәдениеті мен этикалық мінез-құлық ережелерін анықтайды.

 

1.2  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқыту­шылары мен қызметкерлерінің Этика кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы саналы және психологиялық ахуал орнатуға арналған.

 

1.3  Университет қауымдастығының кор­по­­ра­тивті мәдениетінің нығаюы, ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері абыройы­ның асқақтауы осы Кодекс нормаларын орындаудағы басты мақсат болып табылады.

 

1.4  ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы мен қызметкері аталмыш Кодекс нормаларын орындай отырып, университет имиджінің нығаюы мен мәртебесі артуына өз үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

2. ҚАЗҰУ-дың КОРПОРАТИВТІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

 

 

 

2.1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметі келесідей қағидаларға негізделеді:

 

 

 

2.1.1   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУсапалы білімнің, ғылымның, мәдениеттің, инновация­ның жаңа технологиялық жетістік­терін пайда­ланатын жетекші орталық.

 

2.1.2   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміз­дің жарқын болашағын жасауға атсалы­сатын ин­но­­­­вациялық, қуатты білім мен ғылым ордасы.

 

2.1.3   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз қызметкерлерін бағалап әрі құрметтейді;

 

2.1.4   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жем­қор­­лық пен парақорлықтан ада.

 

2.1.5   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ акаде­миялық озық дәстүрлерді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтап әрі дамыта отырып, инновациялық өркендеуге ұмтылады. 

 

2.1.6   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рухы – ажырымас бірлігінде. Универси­теті­міздің оқытушылары, түлектері мен студент­терінің шығармашылығы, ынтымақтастығы мен серіктестігі – корпоративті мәдениеттің басты байлығы.

 

 

 

2.2 Университеттің басты
корпоративті құндылықтары
:
 

 

 

 

2.2.1   Білім беру қызметінің жоғары сапасы.

 

2.2.2   Әлемдік білім беру кеңістігіне шоғыр­лану.

 

2.2.3   Өзгерістер мен инновацияларды қабыл­дау.

 

2.2.4   Ғылыми зерттеулер мен әзірле­мелерге басым бағыт.

 

2.2.5   Жоғары академиялық адалдық және жауап­кер­шілік.

 

2.2.6   Кемелдену және шығармашылық даму.

 

2.2.7   Өнегелілік, отансүйгіштік, азамат­тық.

 

2.2.8   Қызметкерлер мен білім алушы­ларды құрметтеу, олардың құқықтары мен мүдде­лерін қорғау.

 

2.2.9   Университеттің қызметіне адалдық және оның биік талаптарына лайықты болу.

 

 

 

 

 

3. Университет қауымдастығы мүшелерінің корпоративтік этикасы 

 

 

 

3.1     ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері:

 

 

 

3.1.1 Университет мәртебесін құрметтеу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы және қызметкері атағына ар-намысымен, еңбегімен лайық болуға.

 

3.1.2   Университеттің міндеттерін, кәсіби қызметін атқарғанда дербес мүддесі мен кор­по­ративті міндетін үйлестіруге.

 

3.1.3   Қызмет бабында мәдениетті, жауап­ты, әділ, кішіпейіл болуға.

 

3.1.4   Университеттің мақсаты мен міндет­терін орындауда жауапкершілігін сезінуге, университет табыстарына өз үлесін қосуға.

 

3.1.5   Кәсіби білікті маман ретінде білімін жетілдіруге, озық нәтижелерге жету мақса­тында отандық және шетелдік тәжірибелерді білуге, қолдануға.

 

3.1.6   Әріптестермен және студенттермен өзара сыйлы, сыпайы, ізгі қарым-қатынас орнатуға.

 

3.1.7   Университеттің озық дәстүрлері мен тарихын білуге, құрметтеуге, сондай-ақ ұстаз­дық еңбегімен студенттерге үлгі болуға;

 

3.1.8   Университеттің іскери абыройын құрметтеуге, университет мүддесіне қарама-қайшы келетін қандай да бір қызметтен бас тартуға, оның атағы мен абыройына нұқсан келтіретін кез келген әрекетті болдырмауға міндетті.

 

 

 

 

 

3.2     ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері:

 

 

 

3.2.1       Әріптестерінің, студенттердің ар-намысына нұқсан келтірмеуі;

 

3.2.2 Студенттердің алдында әріптес­тер­інің жеке өмірін немесе олардың кемшілік­терін сынамауы;

 

3.2.3       Университет аумағында ішімдік ішпеуі, темекі тартпауы;

 

3.2.4       Студенттерден оқу мен ғылым үдерісінің нәтижелеріне көмектесу мақсатын­да сыйлық пен ақшалай сыйақылар алмауы;

 

3.2.5       Діни көзқарастарды, сондай-ақ ұлт­аралық бірлік пен дінаралық келісімге қарама-қайшы пікірлерді таратпауы;

 

3.2.6       Жұмысқа және сабаққа кешікпеуі, қызмет уақытын қысқартпауы;

 

3.2.7       Қызмет барысында дөрекілік, ыжда­һа­­тсыздық танытпауы;

 

3.2.8       Қызмет бабын пайдаланып, сту­дент­терге қысым жасамауы, олардың білімін бағалауда субъективті көзқарас танытпауы;

 

3.2.9       Университет әкімдігінің шешімі мен оның қызметі жайлы жалған ақпаратты таратпауы тиіс.

 

 

 

3.3 Басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас

 

 

 

3.3.1 Басшы:

 

-   кәсіби және адамгершілік мінез-құлқымен қарамағындағыларға үлгі болуы;

 

-   іскери қарым-қатынас этикасы ереже­леріне негізделген нормалар мен қағидаларға бой түзеуі;

 

-   қарамағындағылардың ар-намысына, ожданына нұқсан келтірмеуі;

 

-   қарамағындағылардың алдында өз қатесін мойындауы, оны өз атына айтылатын сын ретінде қабылдамауы;

 

-   ұжымға тиімді орта қалыптастыруы тиіс.

 

 

 

3.3.2 Бағынушылар:

 

-   әріптестерінің жеке өміріне, кәсібіне қатысты қауесет таратпауы;

 

-   мансабы артуына қатысты пробле­маны әріптестерімен емес, басшысымен талқылауы;

 

-   егер жұмысқа шығу мүмкін болмаса (белгілі уақыт ішінде жұмысқа келу мүмкін болмаса), оның себебін басшыға хабарлауы;

 

-   әріптестердің алдында басшының орынсыз қылығына жауап бермеуі; қажетінше онымен әңгімелесуі;

 

-   университет басшысыларын танып, оларды аты, әкесінің атымен атауы;

 

-   дәлізде немесе оқу ғимаратында басшымен кездескенде бірінші болып амандасуы;

 

-   ғимаратқа кіргенде кездескендермен бірінші амандасуы тиіс.

 

 

 

3.3.3 Әріптестермен қарым-қатынас:

 

-       бірін-бірі сыйлауы;

 

-       ағаттық танытқаны үшін міндетті түрде кешірім өтінуі;

 

-       басқа қызметкерлердің алдында әріп­тестерінің, бағынушыларының, басшылары­ның сынына сабырлы болуы;

 

-       қауесетке сенімсіздікпен қарап, оның таралуына жол бермеуі;

 

-       әріптестеріне, басшыларына және бағынушыларына «Сіз» деп, оларды есімі, әкесінің атымен атауы;

 

-       жұмыс уақытында қызметтен тыс міндеттерді атқармауы;

 

-       балағаттамауы, ұстамсыздық таныт­пауы, өштеспеуі;

 

-       әріптестерімен білімі, тәжірибесімен бөлісуі керек.

 

 

 

 

 

3.3.4 Оқу үдерісі, зерттеу және сарапта­малық қызмет аясындағы қа­рым-қа­тынас:

 

-       әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқыту­шылары мен ғылыми қызметкерлері универ­ситеттегі жұмысын негізгі кәсіби міндеті ретінде санап, студенттерге үлгі болуы;

 

-       дәріс беретін пән саласын жан-жақты білуі әрі құзыретті болуы;

 

-       біліктілігі жоғары педагог болуы;

 

-       білім алушылардың білімін, біліктілігі мен тәжірибелік дағдысын әділ және объективті бағалауы;

 

-       әлеуетін, білімін, тәжірибесін Универ­си­теттің ғылыми табыстарының кемелденуіне арнауы;

 

-       жарияланбаған дереккөздерді игілігіне пайдаланбауы, плагиатқа бармауы;

 

-       сараптау, пікір беру және ғылыми жетекшілік барысында жарияланбаған ақпа­рат­тың құпиялылығын сақтауы қажет.

 

 

 

3.3.5 Жиналыстар мен мәжілістер өткізу:

 

-       жиналысқа уақытында келу;

 

-       күн тәртібімен алдын ала танысу, қажет материалдарды, сұрақтарды, кепілде­мелерді ала келу;

 

-       жиналыс немесе мәжіліс басталар ал­дын­­да ұялы телефонды сөндіру;

 

-       сыртқа шығу қажет болғанда немесе қайта кіргенде әдеппен кешірім сұрау;

 

-       жиналысты жеке мүддесі үшін пай­даланбау;

 

-       баяндама уақытын ескеру.

 

 

 

 

 

4. корпоративті МӘДЕНИЕТ КОДЕКСІ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

 

 

4.1 Университет қызметкерлері мен білім алушылары Корпоративті мәдениет кодексін білуі міндетті, қызметі мен мінез-құлқы үшін университет қауымдастығы алдында жауапты.

 

4.2   Корпоративті мәдениет университетте жұмыс істейтін қызметкерлер мен білім алатын студенттердің бәріне бірдей, тең дәрежеде ортақ іс.

 

4.3   Университеттің әрбір қызметкері осы кодекстің орындалуы үшін моральдық жауап­ты.

 

4.4   Кодекс ережелерінің бұзылуы универ­ситет қызметкері мен студентінің мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.

 

4.5   Корпоративті мәдениет кодексінің орындалуын бақылау университет факуль­теттеріндегі Этика жөніндегі комиссия жетек­шілеріне жүктеледі.

 

4.6   ҚазҰУ-дың Корпоративті мәдениет кодексі нормаларын бұзғаны үшін білім алушылар мен қызметкерлерге келесідей шаралар қолданылуы мүмкін:

 

-   бұқара алдында кешірім сұрауға кепіл­деме;

 

-   факультеттің немесе Университеттің Ғылыми кеңесі мәжілісінде талқылау;

 

-   тәртіпті болуға ықпал ету.

 

 

 

Осы Кодекске өзгерістер мен толық­тыруларды енгізу туралы ұсыныстар
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде қарастырылады.

 

 

 

Одобрено общим собранием