Меморандумға қол қойылды

22.04.2016

Көрулер: 2063

Алматыда 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қолдарын ректорлар Ғалымқайыр Мутанов пен Улан Байжанов қойды.

Аталған құжатқа қол қоюдың мақсаты: жоғары білім берудің сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді жүргізудің тиімділігін жандандыру және жетілдіру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының әлемдік білім және ғылым кеңістігіне енуін белсендіру. 

Іс-шараға тараптардан бөлек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Д.Ж. Ахмед-Заки, заң факультетінің деканы Д.Л. Байдельдинов қатысты.

Өз алғысөзінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мутанов меморандумға қол қою – жоғары біліктіктегі кадрларды дайындаудың сапасын арттыру үшін оқу, ғылыми, өндірістік қызмет барысындағы өзара байланыстарды қалыптастыру мақсатындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған маңызды оқиға деп атап көрсетті. 

Меморандум аясындағы өзара әрекет нақты келісім-шарттар негізінде бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге; ғылыми ақпарат, ғылыми мақала, еңбектермен алмасуға; ғылыми конференциялар, семинар, дөңгелек үстелдерге қатысу; ғылыми-зерттеу қызметінің сұрақтарына байланысты кеңестер беру; өзара қызмет сұрақтарына байланысты өзара кеңестер өткізу. 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының ректоры, меморандумға қол қою – ғылым және білім үдерісін дамытудың бастапқы нүктесі. «Келісімге қол қою бірлескен ынтымақтастық аясында туындайтын ғылыми, кәсіби сұрақтарды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді», – деді У. Байжанов.

Қол қойылған құжат ғылым және білім аясындағы ынтымақтастықты ары қарата жетілдіру және кеңейтуге қатысты ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты бекітуге, теңдік, өзара түсіністік және тиімділік қағидалары негізінде ғылым және білімнің интеграциясы стратегиясын тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыруға бағытталған.

Кездесудің аяғында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының У.С. Байжанов университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталды.

Меморандум Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының арасында ынтымақтастықты бекітуге жәрдемдеседі.