Стипендия в КазНУ

Стипендиялар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған Стипендиялар (орындар саны ҚР БҒМ бекіткен бұйрықпен айқындалады).

Шәкіртақы мыналарға бағытталған:

1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең дарынды және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдау;
3) зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атаулы стипендиялары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атаулы стипендиялары тиісті білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген, ғылыми зерттеулер жүргізетін, университеттің көркемөнерпаздар үйірмесіне, мәдени-бұқаралық жұмысына белсенді қатысатын, "қанағаттанарлық"бағасы жоқ, неғұрлым қабілетті күндізгі оқу нысанындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін және, әдетте, магистранттарын ынталандыруға арналған.

Мемлекеттік атаулы стипендиялар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 175 Қаулысы ("мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы") негізінде тағайындалады және орындар саны ҚР БҒМ бекіткен бұйрықпен айқындалады. Талаптарға сәйкес 3 және 4 курс студенті бүкіл оқу кезеңінде "өте жақсы"деген бағаға ие болуы керек.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:

1.жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, - 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге;

2.магистранттарға- 66913 (алпыс алты мың тоғыз жүз он үш) теңге;

3.докторанттарға - 150000 (бір жүз елу мың) теңге;

4.резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына- 76951 (жетпіс алты мың тоғыз жүз елу бір) теңге.

Мемлекеттік стипендияларды арттыру мөлшері

№ п/п

Стипендиаттар тізімі

Мемлекеттік стипендияның белгіленген мөлшеріне пайызбен арттыру мөлшері, %

1

Техникалық және кәсіптік (училищелерде, колледждерде), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көру қабілеті бойынша мүгедектерге және есту кемістігі бар мүгедектерге

75

2

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге

50

3

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелерде, колледждерде), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге

30

4

Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "үздік"бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендиялар мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендияларын алатын студенттерден басқа)

15