Құжаттарды тапсыру

8-11 сынып оқушыларын мектепке қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Түсу емтихандарын өткізу үшін мектеп директорымен үш мұғалімнен тұратын комиссия құрамы бекітіледі. Олар: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарының ұстаздары және педагог-психолог.

Конкурсқа қатысу үшін комиссияға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) ата-анасының өтініші (немесе оларды алмастырушы тұлғалардың);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі/ жеке куәліктің;

3) ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі (немесе оларды алмастырушы тұлғалардың);

4) ХҚКО-нан баланың және ата-анасының мекенжай анықтамасы (немесе олардың орнындағы адамдардың);

5) медициналық құжаттар: баланың денсаулық паспорты, 063 формалы медициналық анықтама, флюрография анықтамасы;

6) негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа);

7) оқушының 1-10 сыныптар аралығындағы сабақ үлгерімі туралы табелі;

8) оқушының портфолиосы (жетістіктері туралы грамоталар, дипломдар, сертификаттар және т. б. құжаттар);

9) 3х4 - 6 дана сурет.

Түсу емтихандары екі кезеңнен тұрады: 1 - тестілеу, 2 - әңгімелесу.

8-9-сынып оқушылары үшін 5 - 9 сынып оқу бағдарламалары бойынша оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) және математикадан тест өткізіледі және логикалық сұрақтар қойылады.

10-11-сынып оқушылары үшін 5 - 11 сынып оқу бағдарламалары бойынша оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) және математикадан тест өткізіледі және логикалық сұрақтар қойылады.

Тест тапсырмаларының саны әр пән бойынша - 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге 90 минут уақыт бөлінеді.

Әңгімелесу оқушының оқыту бейініне және материалды қабылдауына бейімділігін белгілейтін психологиялық-талдамалық тест-сұрақ кітапшаларының негізінде өткізіледі.

Мектепте тестілеу түрінде өткізілген түсу емтихандарының және педагог-психологтың әңгімелесуінің қорытындысынан кейін жиналған балдарының нәтижесінде конкурс жүргізіледі.

 

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия мектепке шекті деңгейден өткен және мектепке қабылдану құқығын алған оқушыларының тізімін жібереді.

Түсу емтихандарынан өткен және шекті деңгейді жинаған оқушылардың ата-аналарымен (өзге заңды өкілдерімен) білім беру қызметтерін көрсету туралы 2 дана келісім-шарт жасалады.

Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін, ректормен бекітілген оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

Осы ереженің 2.3 бөлімінде көрсетілген құжаттарға оқушылар білім беру мекемесінің мөрімен расталған жылдық белгілері бар жеке іс-құжатын тапсырады.