Мектеп туралы

2011 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 10-11-сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейіндік мектеп жұмысын жүргізуде.

2011 жылдың 21 қазанында Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің негізгі орта және жалпы орта білім білім беру қызметіне № 0163130, сериясы АА-5 Мемлекеттік лицензиясын берді. Осыдан кейін әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің бейіндік мектебі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша ресми түрде ашылды.

Бейіндік мектеп – бұл интеграцияланған білім беру бағдарламаларын, оқытудың кредиттік технологиясын, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі және басқа да бағыттар бойынша тереңдетілген білім беру курстарын кешенді түрде қолдана отырып бейіндік оқытуды іске асырудың жаңа моделі.

Бейіндік мектеп – бұл педагогикалық және әлеуметтік жұмыстардың жаңа технологияларын енгізетін және оқушылардың таңдаған саласы бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізуді іске асыратын бірегей эксперименттік алаң.

Бейіндік мектеп қолданыстағы бейінді курстардың шеңберін кеңейтеді және тереңдетеді, оқушыларының тұрақты қызығушылықтарын қалыптастырады, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне бағыттайды.