ХV Оразбаев оқулары халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

21.04.2023

Көрулер: 680

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейі және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейімен бірлесе отырып 21-22 сәуір аралығында «ХV Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді.
Конференцияның бірінші күні ҚР Орталық музейінде өткізілді. Ғылыми іс-шараға
Қазақстанның белгілі археолог, этнолог, музеолог ғалымдарымен қоса шетелдік те қонақтар қатысты.
Халықаралық конференция аясында археология, этнология, музеология салаларындағы маңызды мәселелер талқыланып, әртүрлі ұсыныстар айтылды.