Марғұлан оқулары – 2023 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

30.03.2023

Көрулер: 611

2023 жылдың 30 наурызында ҚР Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен бірлесе отырып, кезекті «Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
 Конференцияда 2022 жылы Қазақстан аумағы мен көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері көрсетіліп талқыланды.
 Әр саланың жетекші ғалымдары ашқан жаңалықтары және зерттеу тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ археология ғылымын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқыланды.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
− 2022 жылғы далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері;
− тас дәуірінің зерттеулері;
− ерте металл дәуірін зерттеудің жаңа деректері мен нәтижелері;
− еуразиялық мәдени кеңістігі контекстіндегі ерте көшпелілер;
− орта ғасыр кезеңіндегі қала мен дала;
− археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер;
− археологиялық мұраны сақтаудың, консервациялаудың және қалпына келтірудің өзекті мәселелері;
− далалық зерттеулердің жаңа технологиялар мен заманауи құжаттау тәсілдері.  
 Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Германия, Белгия, Австралия, Франция, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Армения ғалымдары тікелей және қашықтан қатысты.