№146 мектеп-лицейі оқушыларына белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Омаров Ғани Қалиханұлымен кездесу

01.03.2022

Көрулер: 971

"Тарих" мамандығының 4 курс студенттері педагогикалық практика аясында Алматы қаласы №146 мектеп-лицейі оқушыларына белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Омаров Ғани Қалиханұлымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Қазақстан археологиясы, соның ішінде Шығыс Қазақстан археологиясы: зерттеулері мен нәтижелері туралы ақпараттар берілді. Оқушылар археология саласы бойынша қызықтыратын сұрақтарын қойып, кездесу жоғары деңгейде өтті.